Тәрбие жұмыстары

Сарысай орта мектебінде ДТІЖО М.Б. Акынтаева мен мектеп психологі Ж.Е.Дуйсенбаевның ұйымдастыруымен 7-9 сыныптардың ата аналарымен “Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың және буллингтің алдын алу жолдары” тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. dcccСонымен қатар, мектеп психологі Ж.Е. Дуйсенбаева “Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың алдын алу жолдары ” бойынша ата аналарға бірнеше қағидаларды ескеру керектігін баяндап өтті.

2023 жыл, қаңтар

Нашақорлықпен күрес туралы және жасөспірімдердің есірткі қолдануының алдан алу бойынша мектебіміздің 7-9 сынып оқушыларына ДТІЖО М.Б. Акынтаева “Оқушыларды есірткісіз өмір сүруге шақырайық” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты: қазіргі таңда адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру.