«Сыңғырла, соңғы қоңырау»
Мектеп бітіру іс-шарасы – әр түлек өмірінде адамгершілік және алғыс білдіру сабағы болатын, өзіндік есею жолына бастау алатын мектептегі соңғы іс-шара.
Осыған орай Сарысай орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының аяқталуына байланысты 25-мамырда сағат 10.00-де «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға мектеп оқушылары, қызметкерлер, ата-аналар, ауыл тұрғындары және ауданнан келген қонақтар қатысты.
25.05.2017ж.
1-қыркүйек Білім күні
Күміс қоңырау күмбірлеп,
Кең далаға жар салды.
Ыбырай ата күлімдеп,
Әр баланы қарсы алды.
“Кел, балалар, оқылық!”- демекші, мектебімізде 1-қыркүйек Білім күніне арналған “Тәуелсіздік жетістіктері” тақырыбында тәрбие сағаттары 2-11 класс оқушыларына арналып өткізілді.
Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1 класс оқушылары үшін “Кел, балалар, оқылық!” атты салтанатты жиын мектеп ауласында санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды. Жаңа 2021-2022 оқу жылында 1 классқа 7 оқушы қабылданып, оларға “Әліппе” кітабы салтанатты түрде табыс етілді. Сонымен қатар, 11 сынып оқушылары кішкентай бүлдіршіндерімізге өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін жеткізді.
✔️ШӘКІРТТЕРІМІЗГЕ ТІЛЕРІМІЗ: қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмай, алда талай асу белестерді бағындырыңыздар!
02.09.2021ж.
Кешкі рейд
Кезекшілер:
Акынтаева М
Мухамбеткалиев Д
Ибраева А
🛑 Рейд барысында ешқандай құқықбұзушылық фактілері тіркелмеді
16.09.2021ж.
“Таза әлем”
Сарысай орта мектебінде 22 қыркүйек күні санитарлы-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, 9-11 сынып оқушылары арасында “Таза әлем” экологиялық жоба мақсатында “Плоггинг” яғни жүгіріп жүріп, қоқыс жинау шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: тазалық сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоқысты сұрыптауға үйрету.
Аға тәлімгер: Ибраева А.Е.
22.09.2021ж.
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Балабақшаларда немесе мектептерде жаппай ертеңгіліктер болмайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.
Мектептегі бір сынып немесе балабақшадағы бір топ шеңберіндегі жаңа жылдық іс-шараларға келетін болсақ, мұндай шешімдер санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша және жергілікті эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігі деңгейінде қабылданады.
Жоғары оқу орындарының әкімшілігі де санитарлық дәрігерлермен келісе отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу туралы шешімді өздері қабылдайтын болады.
Сарысай орта мектебінде “Ақтөбе облысының білім басқармасы”ММ-нің #2-67 хатына сәйкес құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында “ДҰРЫС ТӘРБИЕ- БАЛАҒА ӨМІРЛІК АЗЫҚ” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
🔺 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1️⃣Бала тәрбиесі- жауапты іс.
✔️мектеп директоры: Н.С. Нурмуханов
2️⃣ Жасөспірімдерді бұралаң жолдың қалтарысынан қорғау.
✔️Хромтау ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторының міндетін атқарушы полиция капитаны Қ.Т.Мырзагелдин
3️⃣Жауапкершілік және заң.
✔️Хромтау ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Р.Т.Сагинтаев
4️⃣Заңды кім, қалай бұзады?
✔️әлеуметтік педагог Ж.Е. Дуйсембаева
5️⃣ Мектепке алып кіруге және пайдалануға тыйым салынған заттар тізімі бойынша.
✔️директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Б.Акынтаева
📣Жиналыс барысында тақырыпқа сай➡️ сұрақ-жауап, ситуациялық жағдай, ойын, бейнеролик көрсетілімі, тренинг әдістері ұйымдастырылды.
📌 ТҮЙІН
Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Бала тәрбиесі- бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Балаға жауапкершілікпен қарап, бірлесе✊ынтымақтаса әрекет ету қажет❗❗❗
[19:35, 07.02.2022] Мөлдір Акынтаева: 2022 жылдың 1-26 ақпан аралығында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында ” 💯кітап” жобасы бойынша мектеп кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” атты оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
04.02.2022ж
2022 жылдың 1-26 ақпан аралығында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында ” 💯кітап” жобасы бойынша мектеп кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” атты оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
26.02.2022 ж