Жетістікке жеткен жерлестер
-
Көшербаева Гүлнар Мүсірәліқызы – Новоресей ауданының Қызылқайың селосында дүниеге келген балуан қыз. Халықаралық спорт шебері, дзюдошы – азия чемпионы. Осака қаласында өткен Азия ойындарына қатысып дзюдо сайысында 3 орынға ие болды.
«Туған елге тағзым» акциясы
-
«Туған елге тағзым» акциясы аясында 2015-2016 оқу жылының 25 мамырда мектеп бітіргендеріне 20 жылдығына орай 1986 жылғы түлектер мектепке құны 160000 теңгелік қозғалмалы тақтасы бар мультимедиялық проектор сыйға тартты.
-
Сарысай орта мектебінде «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектептің түлегі, қазіргі таңдағы жұмысшысы Уразалин Байман 10000 тенгеге үстел теннисіне арналған 16 шарик, 1 жұп ракетка және волейбол ойынына арналған допты сыйға тартты.
Сарысай орта мектебін бітірген түлектер
1986-жылғы-түлектер